Алматыда полиция қызметкерлері боди-массаж орталығы ретінде жасырын жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданында жүргізілген тексеру барысында жеке тұрғын үйде сауықтыру қызметтері деген желеумен заңсыз қызмет көрсетілгені анықталған.
Жедел іс-шара нәтижесінде жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жеке басын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Полицияның хабарлауынша, аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру басталған. Сонымен қатар мекеме әкімшілігіне қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды.
Құқық қорғау органдары заңсыз қызмет көрсету фактісіне байланысты қосымша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.