Freedom Inside '26

Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын сотталды

Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын сотталды
info.homsters.kz

Алматы қаласының Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтерге 990 адамды заңсыз тіркеген баспана иесі сотталды, деп хабарлайды ult.kz.

Прокуратура мәліметінше, пәтер иесі азаматтарды ақшалай сыйақы үшін тіркеп отырған. Алайда олардың ешқайсысы аталған мекенжайда нақты тұрмағаны анықталған.

Тексеру қорытындысы бойынша бұл әрекет заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ретінде бағаланып, Қылмыстық кодекстің 394-бабы бойынша іс қозғалды.

Сот шешімімен «резеңке пәтердің» иесі кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Прокуратура азаматтарды көші-қон заңнамасын сақтауға шақырып, заң талаптарын бұзғандарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.