Алматыда биіктен құлаған әйел көз жұмды: пәтерінен қоштасу хаты табылды

Алматыда биіктен құлаған әйел көз жұмды: пәтерінен қоштасу хаты табылды
Фото: freepik

Алматы қаласының Алмалы ауданында қайғылы оқиға болды. Көпқабатты тұрғын үйден құлаған 40 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Ulysmedia дерегінше, оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау органдары марқұмның пәтерін тексеру барысында хат тапқан. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл хатты әйел қайғылы оқиғаға дейін жазып кеткен болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Хаттың мазмұны мен оның нақты қашан жазылғаны сараптама барысында белгілі болады. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырып, тергеу аяқталғанға дейін түрлі болжамдар мен расталмаған мәліметтерді таратпауға үндеді.