Алматыда азық түлік дүкендерінің жұмысына да карантин талаптары енгізілді

Алматыда азық түлік дүкендерінің жұмысына да карантин талаптары енгізілді

Алматыда азық түлік дүкендерінің жұмысына да карантин талаптары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 5 адамнан артық адам жиналған сауда орындары жабылады. 

«Бізге қала тұрғындарынан көп сауалдар келіп жатыр. «Адамдар көшеге, дүкендерге баруға бола ма» деп сұрап жатыр. Азық-түліктен басқа зат сататын, қызмет көрсететін жерлер түгел жабылады. Тек азық-түлік сататын дүкендер ғана жұмыс істейді. Олардың өзіне ерекше санитарлық эпидемиологиялық талаптар енгізіп жатырмыз. Дүкендерде 5 адамнан, ұзындығы 1,5-2 метрден артық кезек болмауы тиіс. Бұл қашықтық арнайы сызықпен белгіленуі керек. Осы талаптарды орындамаған сауда орындары міндетті түрде жабылады», - деді Е.Қожағапанов. 

Оның айтуынша, ашық ауада жаппай жаттығу жасау, ойын ойнау да адам ағзасы үшін қауіпті болмақ.