Алматыда айыппұл төлемеген борышкерлерді іздестіру шарасы жүріп жатыр

Алматыда айыппұл төлемеген  борышкерлерді іздестіру шарасы жүріп жатыр

Алматыда айыппұлдарын төлемеген азаматтарды анықтауға арналған «Борышкер» шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Іс-шара аясында мегаполис аумағында әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ жалған нөмір таққан көлік жүргізушілер анықталды.

«Әкімшілік құқық нормаларына сәйкес, азаматтар әкімшілік айыппұлды 7 күн ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге құқылы. Құқық бұзушыларға хаттамамен бірге айыппұл сомасының 50%-ы көрсетілген түбіртек ұсынылып оны төлеудің тәртібі түсіндіріледі», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері электронды планшеттің көмегімен борышкерлерге айыппұлды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы хабарлама таратуда.