Алматыда әскери қызметші бір қыздың өмірін құтқарып қалды

Алматыда әскери қызметші бір қыздың өмірін құтқарып қалды
видеодан скриншот

Алматы қаласында 97617 әскери бөлімі дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков демалысы кезінде дүкенде жағдайы нашарлаған қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.

«Достық» дүкенінде бір қыз кенеттен сағызға тұншығып, тыныс ала алмай қалған. Жанында тұрған майор Сәрсенбеков бірден көмекке ұмтылған.

Әскери қызметші көрсеткен алғашқы көмектен кейін қыздың тыныс алуы қалпына келген. Майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

Әскери қызметшінің бұл әрекеті оның қиын жағдайға тап болған адамға көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін, байыптылығы мен жауапкершілігін, оқиғаға бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымын көрсетеді.

Әскери бөлімнің басшылығы майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбековтің әрекетін атап өтіп, оның адамгершілігі мен айналасындағыларға деген жауапкершілігін жоғары бағалады.