«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бір оқу жылы ішінде 13 жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл оқушыларға арналған орын тапшылығын едәуір азайтып, балалардың білім алу жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Қосымша 10 500 орындық тағы 7 мектептің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта оларды білім беру жүйесіне беру рәсімі жүргізілуде. Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Зерделі шағынауданында 550 орындық мектеп салынды.
1 қыркүйекке дейін жалпы сыйымдылығы 11 мыңнан астам оқушы орны бар 8 жаңа мектепті ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қолданыстағы білім беру мекемелерін жаңғырту жұмыстары қолға алынған. 2025-2027 жылдар аралығында қаладағы 26 мектепте кешенді күрделі жөндеу жұмыстары өтеді. Биыл №50 және №73 мектептер толық жаңартудан өтті, ал тағы 11 мектепте жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Сондай-ақ, биыл Алматыдағы 227 мемлекеттік мектептің 159-ында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.