Алматының Алмалы ауданында 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға Аносов пен Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйде болған, деп хабарлайды ult.kz HALYQSTAN Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы марқұмның пәтерін тексеру барысында тергеу үшін маңызды материалдарды, оның ішінде хатты тапқан. Оның мазмұны тергеу аясында зерттеліп жатыр.
«Пәтерді қарау кезінде тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайлар анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.
Куәгерлердің айтуынша, пәтерді ашу кезінде жуынатын бөлмеден қан іздері мен өткір заттар табылған.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның толық мән-жайын, әйелдің өмір салтын, араласқан ортасын және қайғылы жағдайға не себеп болғанын анықтап жатыр.