Алматыда 36 жастағы ер адам екі айдан бері іздестіріліп жатыр

Алматыда 36 жастағы ер адам екі айдан бері іздестіріліп жатыр
instagram/volontery_lider.kz_almobl

Алматыда 36 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр. Еріктілердің мәліметінше, ол отбасылық жанжалдан кейін үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды ult.kz.

Жоғалған азамат — Бауыржан Олжас. Ол 19 наурыз күні Әуезов ауданындағы Таугүл-3 шағын ауданында орналасқан үйінен кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.

Белгілері: бойы шамамен 190 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара сұр, көзі қоңыр. Жоғалған күні қандай киімде болғаны анықталмаған.

Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер оның болуы мүмкін деген бірнеше орын тексерілгенін айтты. Алайда әзірге нәтиже жоқ.

Бауыржан Олжастың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден +7 705 105 31 31 немесе +7 701 375 92 91 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Еріктілер жоғалған азаматқа да үндеу жасады.

«Жақындарыңыз сізді іздеп жүр. Кейде бір ғана қоңырау туғандардың үмітін қайта тірілтуі мүмкін. Қай жерде болсаңыз да, тірі екеніңізді білдіріңіз», – деді олар.