Қайғылы жағдай 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған, деп хабарлайды ult.kz.
Желіде тараған ақпарат бойынша балаға 13 жастағы екі жасөспірім тоғыз жерден пышақ жарақатын салған.
Полиция мәліметінше, қылмысты жасады деген күдікпен 13 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Ол марқұммен бұрыннан таныс болған.
Алдын ала анықталғандай, қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал салдарынан болған.
Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.