Алматы қаласы Медеу ауданында, Талғар асуының маңында Корея Республикасының азаматын іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ult.kz.
Іздестіру-құтқару операциясы таулы жер бедерінің күрделілігіне, зерттелетін аумақтың ауқымдылығына және биіктік айырмашылығының едәуір болуына байланысты қиын жағдайда жүргізілуде. Құтқарушылар таулы жердің, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінің жетуі қиын учаскелерін тексеруде.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ПД күштері мен құралдары, сондай-ақ еріктілер қатысуда. Барлығы 130-ға жуық адам, 10 бірлік техника, 8 кинологиялық есеп, 11 ұшқышсыз ұшу аппараты және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.
Іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар таулы аумақтың белгіленген учаскелерін тексеруді жалғастыруда.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда және ТЖМ бақылауында.