Алматы облысының тауларында тамыз айында қар жауды

Алматы облысының тауларында тамыз айында қар жауды
ашық дереккөз

Алматы облысының таулы аймақтарында тамыз айының соңында қар жауып, тұрғындарды таңғалдырды. Табиғаттың тосын құбылысын қазақстандықтардың бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды ult.kz.

Кадрларды Threads әлеуметтік желісіндегі Nomad_sky.kz қолданушысы жариялаған. Оның айтуынша, қар Алматы облысы Райымбек ауданындағы Ақкөл жайлауында жауған.

Видеодан тау шыңдарын қалың қар мен тұман басқанын көруге болады.

«Биыл қыс ертерек келетін сияқты емес пе?» – деп жазды видео авторы.

Бұған дейін «Қазгидромет» 25-27 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болуы мүмкін.

Таулы аймақтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты қар жаууы ықтимал.