Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте пышақтап өлтіріп кеткен

Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте пышақтап өлтіріп кеткен

Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте өлтіріп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жантүршігерлік оқиға туралы «Не молчи» ұйымының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

13 қарашада күйеуі әйелі мен 1 жастағы қызын ертіп Қапшағай тас жолындағы «Магнум» сауда орталығына барған. Қайтар жолда «түзге отырамын» деген күйеуі 300-400 метр елсіз жерге бұрылған. 

Ер адамның айтуынша, ол көліктен шығып қайтып келгенде әйелі өліп жатқан.

Алматы облыстық Полиция департаменті өлімге кінәлі күдіктілер ұсталғанын мәлім етті. . 

«Қазір бұл қылмысқа күдікті ретінде 37 жастағы және 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады», - деді ПД. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.