Алматы метросының «Алатау» станциясында жолаушының сөмкесінен 5,45 мм калибрлі екі оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық полиция департаменті мәліметінше, оқ-дәрілер рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеру кезінде анықталған. Олар тәркіленіп, жолаушы ұсталды.
Ер адам процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.