Алматы әуежайындағы иіссу дүкенін тонаған ерлі-зайыпты мародерлер ұсталды

Алматы әуежайындағы иіссу дүкенін тонаған ерлі-зайыпты мародерлер ұсталды


Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жасалған мародерлік фактісін куәландыратын жаңа видеолар тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 6 қаңтар күні ерлі-зайыпты (азаматтық неке) еркек пен әйел Алматы халықаралық әуежайындағы «Француз үйі» иіссу бутигіне кіріп, ұрлық жасаған.