Әлемге танымал қазақстандық киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
2026 жыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған болатын.
Данил Голубенконың жаһандық амбассадор ретінде тағайындалуы әлем жастары арасында волонтерлік мәдениетті, қоғамдық белсенділік пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.
Бастама аясында танымал киберспортшы халықаралық деңгейде еріктілік қызметтің маңызын дәріптеп, жастарды қоғамдық игілікке бағытталған жобаларға белсенді қатысуға ынталандырады.