Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 миллионнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 3,5 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kzсайтына сілтеме жасап.

4 мамыр, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, әлемде COVID-19-ды жұқтырғандар саны 3 566 295 адамды құрады. Қайтыс болды - 248 286, жазылды - 1 154 057 науқас. 

Вирус ең көп тараған елдердің арасында АҚШ әлі де бірінші орында тұр. Онда бүгінге дейін індетке 1 188 122 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 27 348. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 247 122, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 1533), үшінші орында Италия (210717/+1389) тұр. 

Коронавирус ең көп анықталған елдердің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар: Ұлыбритания:186599 / +4339, 

Франция: 168693 / +297, 

Германия: 165664 / +697, 

Ресей: 134687 / +10633, 

Түркия: 126687 / +1670, 

Бразилия: 101147 / +4588, 

Иран: 97424 / +976

ТМД елдерінде коронавирустың ең көп жағдайы Беларусь елінде анықталды. Науқастардың жалпы саны - 16705 адамға жетті. Бір тәулікте індетті 877 адам жұқтырды. 

Одан кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр: 

Украина: жалпы саны 11913 / бір тәулікте анықталғандар +502

Молдова: 4121 / +69

Қазақстан: 3964 / +63

Армения: 2386 / +113

Өзбекстан: 2149 / +31

Әзербайжан: 1932 / +38

Қырғызстан: 795 / +26

Грузия: 589 / +7

Тәжікстан: 128 / +52