Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер 23-25 ​​қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін циклонның ықпалында болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Атап айтқанда, 23 қарашада оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, 23-24 қарашада солтүстік-батыста, 24 қарашада солтүстікте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанып отыр.

"Кезеңнің аяғында ғана оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта ауа-райы біртіндеп тұрақталады, яғни жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Республика бойынша жел (15-28 м/с) күшейеді, 23 қарашада солтүстікте, солтүстік-батыста, 23-24 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыста өте қатты жел (30 м/с және одан да аса) болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіліп отыр.

Кезеңнің соңына қарай ауа температурасы батыста түнде 15 градус аяз-2 жылыдан 8 градус аяз-8 градус жылыға дейін жоғарылайды. Ал солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде 3-15 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 6 градус аяз-5 градус жылыға дейін төмендейді, шығыста 10 градус аяз-3 градус жылы ауа райы күтіледі" - делінген хабарламада.