Фото: pexels.com
Синоптиктер 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметіне сүйенсек, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Содан кейін солтүстік-батыс циклон және атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және желдің күшеюін тудырады. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда ашық ауа райы сақталады.
"Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус аяздан 10 градусқа дейін жылы болады, күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 10-15 градустан 5-10 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.