Freedom Inside '26

Алаяқтық схемаға қатысқан 7 студент жауапқа тартылды

Алаяқтық схемаға қатысқан 7 студент жауапқа тартылды
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында дропперлік схемаға қатысқан 19 жастағы 7 колледж студентіне сот үкімі шықты. Олар банк шоттарын ашып, оны алаяқтардың пайдалануына берген, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу дерегінше, студенттердің шоттары арқылы жалпы көлемі 4 млн теңге қаражат өткен.

Сот шешімімен айыпталушыларға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Енді олар пробация қызметінің бақылауында болып, мәжбүрлі еңбекке тартылады. Сот шарттарын бұзған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Айта кетейік, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілген. Сол уақыттан бері Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша 700-ден астам іс тіркеліп, 200-ден астам адам сотталған.

Заңға сәйкес, банк картасын немесе шотын үшінші тұлғаларға берген азаматтарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мамандар тұрғындарды алаяқтық схемаларға араласпауға және жеке банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.