Жалпы ұзындығы 42 шақырым болатын жаңа бағыттар қаланың батысы мен шығысын байланыстырады. Жоба аясында 20 станция салу көзделген, деп хабарлайды ult.kz Алматы қаласын дамыту орталыеғына сілтеме жасап.
Sky Train бағыты бойында шамамен 582 мың адам тұрады. Жылына әр желі 40 млн-дай жолаушы тасымалдамақ.
Алғашқы желі алдын ала жоспар бойынша «Барлық» көлік-логистикалық хабынан (ТПУ) басталып, Сайын көшесі, әл-Фараби даңғылы және Шығыс айналма автомобиль жолы (ВОАД) арқылы өтіп, Halyk Arena маңындағы Шығыс қақпаға дейін созылады.
Жоба қаладағы жол жүктемесін азайтып, кептеліске тәуелсіз жылдам көлік дәлізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алғашқы желінің құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.