Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесі болды

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесі болды

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауырханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 10:00-де Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақатын алған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ колледжінің 2 курс студенті жеткізілді.

«Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университтінің 2 курс студенті ұсталды. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, 5 ақпан күні студенттер арасында төбелес болды. Оқиға Қ.Жұбанов университетінің жатақханасының маңында тіркелген. Пышақ жарақатын алған студентке ота жасалып, ауруханада ем қабылдап жатыр.