Ақтөбеде мұнай қалдығына арналған резервуардың жану себебі анықталды

Ақтөбеде мұнай қалдығына арналған резервуардың жану себебі анықталды

Жаңажол кен орнындағы мұнай қалдығына арналған резервуар дәнекерлеу жұмыстары кезінде өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде резервуар өртенді. Оқиға 8 қаңтар күні сағат 18:20-да тіркелді. Өрт арада 4 сағат өткенде сөндірілді.

«Көлемі 3 000 текше метр болатын мұнай қалдығына арналған резервуар өртенді. Резервуар қолданылмайды, авариялық жағдайға арналған. Өртті сөндіруге 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Қосымша ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы А.Төлешевтің басшылығымен Ақтөбе қаласынан 25 қызметкер мен 5 техника жіберілді. Өрт сағат 22:59-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.