Ақмола облысында көктайғақ салдарынан бір мезетте 40 көлік соқтығысты

Ақмола облысында көктайғақ салдарынан бір мезетте 40 көлік соқтығысты


Ақмола облысында трассада 40 көлік жол апатына түсті. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Видеода ондаған көлік соқтығысып, бір-біріне “жабысып” қалғанын байқауға болады. Оқиға Астана - Щучинск тасжолында болған.

40 көлік жол апатына түскені туралы ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады.

"Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) бұрын 40-қа жуық көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Полиция департаментінің өкілдері.