«Әке, мәңгілік сағынышқа айналдыңыз»: Заттыбек Көпбосынұлы әсерлі жазба жариялады

«Әке, мәңгілік сағынышқа айналдыңыз»: Заттыбек Көпбосынұлы әсерлі жазба жариялады
Коллаж: видеодан кадр

Қазақстандық әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесін еске алып, оқырмандарын толқытқан жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әкесінің дүниеден озғанына бір жыл толғанын айтып, оған деген сағынышын жеткізді. Сондай-ақ анасының өмірден өткеніне 25 жыл болғанын еске алып, қос ата-анасының рухына арнап қара шаңырақта ас беріліп, құран бағышталғанын хабарлады.

«Әке, сіз кеткелі бір жылдың жүзі болыпты. Анамның өмірден өткеніне 25 жыл өтті. Екеуіңіз де мәңгілік сағынышыма айналдыңыздар. Бүгін қара шаңырақта өздеріңізге арнап ас беріп, құран бағыштап жатырмыз. Ағайын-туыс, құда-жекжат пен сіздердің көздеріңізді көріп, баталарыңызды алған жандардың бәрін жинадық», – деп жазды әнші.

Жазба соңында Заттыбек Көпбосынұлы ата-анасының жандары жәннатта қауышқанына сенетінін айтып, олардың рухына Алладан рақым тіледі. Әсерлі жазбаға желі қолданушылары да пікір қалдырып, әншіге көңіл айтып, ата-анасына дұға бағыштады.