Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) мен Назарбаев университетіне қатысты қоғамда жиі айтылатын екі пікірдің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, бұл білім беру ұйымдарына «тым көп қаржы бөлінеді» және «түлектерінің барлығы шетелге кетеді» деген пікірлер шындыққа жанаспайды.
Аймағамбетовтің сөзінше, НЗМ мен Назарбаев университетіне бөлінетін қаржы көлемі, керісінше, азайып келеді және оны көбейту қажет.
Сондай-ақ депутат түлектердің басым бөлігі Қазақстанда қалып, білім алып, еңбек етіп жүргенін атап өтті.
«Бұл – еліміздің ең қабілетті, еңбекқор әрі патриот жастарының үлкен бөлігі. Табиғи ресурстар таусылады. Ал білімге салынған инвестиция ұлттың болашағына қызмет етеді», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.