Актриса Айгүл Иманбаева мен оның отбасы журналист Анна Данченконың «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасына қонақ болды. Бағдарлама эфирінен кейін көпшілік өнер иесінің келінінің сырт келбетін қызу талқылай бастады, деп хабарлайды Ult.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Бағдарлама барысында Айгүл Иманбаеваның жүкті келінін көруге болады. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары жас келіннің өз жасынан үлкен көрінетіні туралы түрлі пікір қалдырған.
Пікір жазғандардың бірі:
«Өз жасына үлкен көрінеді. Айгүл жас оның жанында», - десе,
тағы бірі:
«Аяғы ауыр кезінде түсірген бағдарлама, әрине ондай кезде адам толады», - деп пікір білдірген.
Сондай-ақ желі қолданушылары арасында:
«Айгүл сұлу, келіні ондай емес»,
«Келіні өз-өзін күтпейді-ау шамасы», - деген пікірлер де жазылған.
Алайда бұл пікірлер әлеуметтік желі қолданушыларының жеке көзқарасы екенін ескерген жөн. Бағдарламаға қатысушылардың өздері бұл мәселеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.