Freedom Inside '26

Әйелге депутат қайнысының жасаған ісі елді шошытты

Әйелге депутат қайнысының жасаған ісі елді шошытты
Фото: Видеодан кадр

Ош облысының әкімімен кездесуде тұрғын баспана мәселесін көтерді, деп хабарлайды ult.kz.

Ош облысының басшысымен өткен кездесуде Өзген қаласының тұрғыны Элнура Акматова өз мәселесін айтып, 11 жылдан бері отбасылы екенін және екі қыз тәрбиелеп отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, қайнысы – жергілікті кеңестің депутаты Тагдыр Таштанбекұлы өзін тұрып жатқан үйден кетуге мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Әйел бұл жағдайдың өзіне және балаларына қиындық туғызып отырғанын мәлімдеді.

Ал құқық қорғау органдары аталған оқиға бойынша отбасылық зорлық-зомбылық жөнінде арыз түскенін хабарлады. Полиция тарапынан қорғау ордері берілген. Сонымен қатар тұрғын үйге қатысты дауды сот тәртібімен шешу ұсынылған.

Қазіргі уақытта мәселе құзырлы органдардың бақылауында, ал түпкілікті шешім соттың қарауынан кейін белгілі болады.