Садраддин Болаттың Алматыдағы концертінде киген футуристік костюмі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Күміс түсті образдың кеуде тұсындағы корсет сынға ұшырап, әншіні Зена мен «КешYOU» тобының мүшесіне теңегендер болды, деп хабарлайды ult.kz.
Даулы костюмді жасаған Arunaz Atelier брендінің негізін қалаушы Назым Қарпықова образдың концерттің ғарыштық концепциясына сай әзірленгенін айтты.
Дизайнердің сөзінше, костюмді тігуге небәрі екі күн берілген, ал корсетті шебер түні бойы ұйықтамай жасаған.
«Садраддинді заманауи батыр бейнесінде көрсеткіміз келді. Образ өзімізге де, әншінің командасына да ұнады», – деді ол.