Астанада келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген, деп хабарлайды ult.kz.
Адам шошырлық оқиға туралы Threads қолданушысы жазды.
Айтуынша, қонақүй көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған.
«Қонақүйге келушілердің бірі дәретханада нәрестені босанып, оны канализацияға ағызып жіберген. Алты айлық қыз бала тірі болған. Таңғы сағат үште көршім оятып, біздің кәріз құбырынан бірдеңе табылғанын, полицейлерге көмектесу керек екенін айтты. Тәртіп сақшылары мұны кім істеуі мүмкін екенін сұрады. Біз қонақүйді көрсеттік», - деп жазды ол.
Полиция ақпаратты растады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бұл факті бойынша 29 жастағы әйел ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.