Өзбекстанның Сырдария облысында екі кішкентай баласын өлтірген 32 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, әйел қылмысқа күйеуінен кек алу мақсатында барған, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 1 ақпанға қараған түні Гүлістан ауданында болған. Отбасы жалдамалы баспанада тұрған. Күйеуі үйіне оралған кезде үйдің газға толып тұрғанын көрген. Іште оның әйелі және алты және төрт жастағы екі ұлы болған.
Балалардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ал әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалған.
Бастапқыда балалардың газдан уланып қайтыс болғаны болжанған. Алайда кейін жүргізілген сот-медициналық сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды. Мамандар балалардың өліміне газ емес, механикалық асфиксия, яғни тұншығу себеп болғанын анықтаған.
Тергеу барысында әйелдің екі баласын әдейі өлтіргені белгілі болған. Іс материалдарына сәйкес, ол алдымен алты жастағы ұлын, кейін төрт жастағы баласын тұншықтырған.
Тергеу мен сот мәліметінше, әйел бұл қадамға күйеуінен кек алу үшін барған. Қылмыстық істің мән-жайлары бойынша сот оның кінәсін анықтап, тиісті үкім шығарған.