ADCC турнирі жаппай төбелеске ұласты: қазақстандық балуан даулы оқиғаның мән-жайын айтты

ADCC турнирі жаппай төбелеске ұласты: қазақстандық балуан даулы оқиғаның мән-жайын айтты
Видеодан скриншот

Польшаның Краков қаласында өткен ADCC турнирінде қазақстандық балуан Бекзат Қапашов пен америкалық спортшылар арасында жанжал шығып, арты жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды ult.kz.

Қапашов америкалық Дориан Оливареспен белдескен. Оның айтуынша, жекпе-жек кезінде екі спортшы да эмоцияға беріліп, ереже бұзылған. Кейін қарсыласы оны ұрған.

Алғашқы кездесуден соң спортшылар қайта белдескен. Екінші жекпе-жекте Оливарес жеңіске жеткен. Алайда кейін америкалық спортшының әкесі мен қазақстандық тарап арасында жанжал туып, екі команда төбелесіп қалған.

Оқиғаға грэпплингтен әлемнің бес дүркін чемпионы Гордон Райан да араласқан. Жанжал сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарады.

Қапашовтың сөзінше, ұйымдастырушылар екі тарапты да бір жылға дисквалификациялаған.

Ал Қазақстанның Грэпплинг қауымдастығы Краковтағы турнирдің ресми күнтізбеге кірмейтінін және ұлттық құрама спортшыларын бұл жарысқа жібермегенін мәлімдеді. Қапашов турнирге мемлекеттік қолдаусыз қатысқан.