Адам тауда адасып кетсе не істеуі керек?

Адам тауда адасып кетсе не істеуі керек?
eurasia.travel

Жаз маусымы құтқарушылар үшін дамылсыз жұмыс істейтін уақыт деуге болады. Осы ретте ТЖМ мамандары Алматыда баспасөз конференциясын өткізіп, демалыс уақытында таулы аймақта тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Жаз маусымында Алматы тауларына шығатын туристердің құтқарушы шақыруына мәжбүр болатын кедері жиі болады екен. ҚР ТЖМ «Республикалық құтқару қызметі «Барыс» РММ құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Павел Воскобойниковтың айтуынша ондай жағдайлар тіпті тәулігіне үш-төрт ретке дейін болады.

Маманның сөзінше кез келген тау шыңы қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе Медвежье және Күмбелсу шатқалдарына шыққан кезде сақ болуға кеңес береді. Бұл шатқалдар арнайы жабдықтар мен физикалық дайындықты талап ететін көрінеді. Бұдан бөлек тауға шыққанда ауа райының өзгеруін, күннің бату уақытын ескеру қажет және жүріп өтетін жолыңызды жақсылап зерттеп алған дұрыс екен.

Маманның сөзінше тау шыңына шығарда туыс-туғандарыңызға жүретін жолыңыздың бағытын нақты айтып кеткеніңіз жөн.

«Тауға кеттім» деген сөз болмайды: құтқарушылар кем дегенде шатқалдың атауы мен баратын жеріңізді біліп отыруы қажет», – дейді Павел Воскобойников.

Бұл құтқарушылардың жұмысын жеңілдетіп, іздеу уақытын әлде қайда қысқартуы мүмкін.

соңғы уақытта тауға 14–16 жастағы кәмелетке толмағандар өз бетімен тауға жиі баратын болыпты. Ата-аналар олардың маршрутын, қай уақытта қайтатынын біліп, балаларымен үнемі байланыста болуы керек.

Бас құтқарушы таудың күрделі маршруттарымен нәрсетемен және үй жануарымен баруға кеңес бермейді. Себебі сәби тез тоңып қалуы мүмкін, ал үй жануары таудағы жабайы аң-құсты үркуі ықтимал.

«Ол адам бірінші өзінің дайындығына қарайды. Кері қайтатын жолына жете ала ма, жоқ па екенін шамалап түсінуі қажет. Қанша шақырым жол жүргенін есептеуі керек. Мысалы кейде адамдар қаланың шамдарын көреді де, сол бағытқа қарата жүре береді. Сөйтіп жарға немесе өзен-көлге келіп тіреледі. Одан кейін кері қайтуға шамасы болмайды. Егер тұрған жерінде интернет байланысы болса, геолокациясын құтқарушыларға жіберуі керек. Байланыс болса, 112-ге хабарласып, өзінің тұрған жерін айтқаны жөн. Егер байланыс болмаса, өзі шаршап тұрған күйінде кері қайтамын деп тағы бір жағдайға ұрынып қалмас үшін сол жерде тоқтап, шатыры болса, тігіп, сол жерде түнеп, күш жинап, келесі күні жолға қайта шыққаны дұрыс», – дейді ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі» РММ құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Дәмен Серік.

Құтқарушылар таудан қорқудың қажеті жоқ екенін, алайда оған құрметпен қарау керектігін еске салды.