«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
ҰҚК мен Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктілер ағаштарды жаппай заңсыз кесу және өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырған. Олар ақшалай сыйақы үшін орманның ең өтімді учаскелеріне кедергісіз қолжетімділік жасаған деген күдік бар.
Тергеу барысында бірқатар нысанда тінту жүргізілген. Нәтижесінде бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары, ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдіктілердің кінәсі сот үкімімен дәлелденген жоқ.