Freedom Inside '26

95 жастағы анасына алаңдаған ақсақал елдің жүрегін елжіретті

95 жастағы анасына алаңдаған ақсақал елдің жүрегін елжіретті
Коллаж: ult.kz

Желіде 75 жастағы ер адамның 95 жастағы анасына ерекше қамқорлық танытып жүрген видеосы қолданушылардың жүрегін тебірентті, деп хабарлайды ult.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бейнежазбада қарт анасы үйінде жатқанын көруге болады. Ал ұлы оның жанынан бір сәтке де алыстамай, үнемі қасында жүреді. Ол анасына қайта-қайта келіп, жағдайын мұқият бақылап, өзін қалай сезініп жатқанын тексеріп отырады.

Желі қолданушыларын оның анасына деген шынайы алаңдаушылығы мен ерекше мейірімі қатты әсерлендірді. Көпшілік бұл видеоны көріп, көңілдері босап, көздеріне жас алғандарын жазған.

Пікірлерде адамдар анаға деген махаббат пен бала мен ата-ана арасындағы байланыс жасқа қарамайтынын айтуда. Олардың сөзінше, адам қанша жасқа келсе де, анасының жанында әрдайым бала болып қала береді.