«9 жастағы қыз әйел бола алады»: желідегі пікір қоғамда қызу талқыға түсті

«9 жастағы қыз әйел бола алады»: желідегі пікір қоғамда қызу талқыға түсті
ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде 9 жастағы қыз баланың балиғатқа толуына қатысты айтылған пікірлер қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Желіде тараған видеода Қабылбек ұстаз балиғат және кәмелет жасына қатысты пікір білдірген.

«Балиғат жас бар, кәмелет жас бар бізде. Қыз бала балиғатқа 9 жасқа толады. 9 жасынан Алланың шариғатын орындауы керек», – деді ол.

Оның бұл сөзіне желі қолданушылары да пікір білдірді. Олардың бірі 9 жастағы қыз баланың физикалық тұрғыдан бала тууы мүмкін екенін алға тартқан.

«9 жасар қыз жетілмеген деп айта алмайсың. Бала туады ол. Туа алады. Қатын бола алады ол», – деді TikTok қолданушысы.

Ал блогер-психолог бұл пікірлерге алаңдаушылық білдірді. Ол 9 жастағы баланы «әйел болуға лайықты» деп қарастыруға болмайтынын айтып, мұндай мәлімдемелерге құқықтық баға берілуі керек деп санайды.

«9 жасар бала кімге әйел болмақ? Кімге ана болмақ?» – дейді блогер Ақмарал Орынбаева.

Блогер сондай-ақ мұндай пікірлер балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне кері әсер етуі мүмкін екенін айтып, құзырлы органдарды шара қолдануға шақырды.