66 жастағы ер адам 89 жастағы анасын балтамен ұрып өлтірді

66 жастағы ер адам 89 жастағы анасын балтамен ұрып өлтірді
Фото: freepik

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға Благовещенка ауылында болған, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен 66 жастағы ұлының арасында жанжал туындаған. Ашуға берілген ер адам қарт анасының басынан балтамен ұрған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның денесі үйдің ауласынан табылған. Күдікті болған жағдай туралы полицияға өзі хабарлаған. Қазір ол ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Благовещенка ауылындағы жеке үйдің ауласынан 89 жастағы әйелдің денесі табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен оның 66 жастағы ұлы ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – деді СҚО полиция департаментінің аға инспекторы Юрий Клыков.