65 жастағы ер адам пойызда қызға орынсыз әрекеттер жасаған

65 жастағы ер адам пойызда қызға орынсыз әрекеттер жасаған
Коллаж: ult.kz

29 тамызда Қызылордадан Алматыға жол тартқан пойызда жас қыз бір купеде бірге келе жатқан 65 жастағы ер адамның орынсыз әрекетіне тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Жолаушының сөзінше, ер адам оған бірнеше рет қадала қарап, жақын келген және аяғын тигізген. Ал түнде ұйықтап жатқан кезінде ер адамның тізесінен ұстағанын сезген.

Осыдан кейін қыз болған жағдайды видеоға түсіріп, жолсерікке хабарлаған. Оның айтуынша, жолсерік полиция шақыруды ұсынған. Алайда қыз сол кезде ресми арыз жазбаған.

Кейін ол оқиға туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, мұны басқа жолаушыларды сақ болуға шақыру үшін бөліскенін түсіндірді.