57 шетелдікті тіркеген комендант 2 жылға сотталды

57 шетелдікті тіркеген комендант 2 жылға сотталды
ашық дереккөзден

Астанада университет жатақханасының коменданты студенттер мен қызметкерлерден заңсыз ақша жинап, шетелдіктерді тіркегені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Сот мәліметінше, ол бес жыл бойы студенттер мен қызметкерлерден ай сайын 14 300 теңгеден жинап, университетке 3 млн теңгеден астам залал келтірген.

Сонымен қатар 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы ақпан аралығында 57 шетел азаматын уақытша тіркеп, әрқайсысынан 40 мың теңгеден алған.

Сотталушы кінәсін мойындамаған. Алайда сот оның кінәсін дәлелдермен расталған деп таныды.

Оған қоса, комендант үш жыл бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.