Freedom Inside '26

360 мың қорап темекі контрабандасы: шекарада ірі заңсыз тасымал әшкереленді

360 мың қорап темекі контрабандасы: шекарада ірі заңсыз тасымал әшкереленді
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі 8 маусым күні Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде ірі көлемдегі темекі өнімдерін заңсыз алып өту әрекетін анықтады, деп хабарлайды ult.kz.

Жүк көлігінің жасырын бөліктеріне жасырылған 360 мың қорап темекі Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен әкелінбек болған. Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген өнімнің құны 180 миллион теңгеден асады. Тауар тиісті тексеру үшін уәкілетті органға тапсырылды.

ҰҚК мәліметінше, жыл басынан бері темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 93 фактісі тоқтатылған. Тәркіленген контрабанданың жалпы құны 386 миллион теңгеге жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында 21 келі марихуана өткізбек болған күдікті ұсталған болатын.