32 жыл бұрын зорланып, бала босанған Наташа Қалымбетова журналист Азамат Қалымбетовтың қарындасы болып шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы әйел Qasqajol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Азаматпен ашық сөйлеспейтінбіз. Бірақ қатты қиналғанымда маған “кел” деді Алматыға. Ол маған оқисың деді. Оқуға түсе алмай, Оралға қайттым», - дейді келіншек.
Ол сұхбат барысында басынан өткен қорқынышты күндер туралы мәлімдеген. Әйел осыдан 2 ай бұрын әлеуметтік желіге басынан өткен оқиғаны баяндаған. Видео әлеуметтік желіде кең таралып, 1 күнге жетпей миллион қаралым жиған. Сол күні кешке Астана қаласынан ІІМ адамдары хабарласып, іс қозғалғанын, елге оралу керегін айтады. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр, зорлықшылардың жеке-юасы анықталған.
Ал сәбиін америкалықтар асырап алғаны белгілі болды.