Петропавлда уақытша тұруға рұқсаты бар 39 жастағы Армения азаматы бес ай ішінде 31 құқық бұзушылық жасаған. Сот оны Қазақстаннан шығарып, алдағы бес жылда елге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды ult.kz.
КТК мәліметінше, ер адам қоғамдық орында бейәдеп сөз айтып, түнгі тыныштықты бұзған. Сондай-ақ жол ережесін бірнеше рет бұзып, жылдамдықты асырған және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған.
Оған салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеге жуықтаған. Шетел азаматы айыппұлдарын төлегенімен, бұл оны әкімшілік жауапкершіліктен босатпаған.
СҚО полициясының мәліметінше, кей күндері ол жол ережесін 3-4 ретке дейін бұзған. Материалдарды рәсімдеу кезінде полиция қызметкерлеріне агрессивті мінез-құлық көрсеткен.