Астанада Instagram және WhatsApp арқылы сүрленген жылқы етін арзан бағамен сататынын айтып, 31 адамды алдаған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды ult.kz.
Ол сатып алушылардан алдын ала төлем алып, тауарды жеткізбеген. Сенімге кіру үшін бұрынғы тапсырыстар мен оң пікірлерді пайдаланған. Түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.
Жалпы келтірілген шығын 1,7 млн теңгеден асты. Залал толық өтелгенін ескерген сот кәсіпкерге 2 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді. Прокуратура әлеуметтік желідегі тым арзан ұсыныстарға сақ болуға шақырды.