56 жастағы шал тиіспек болған қыздың анасы мән-жайды айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Айтуынша, 3-сынып оқушысын зорламақ болған ер адамға сот 216 мың теңге айыппұл салып, жазадан босатып жіберген.
Тіпті шал көзі көрмейтінін айтыпты. Алайда қыздың анасының сөзінше, көзі көрмейтін адам 3-қабаттан 9-қабатқа дейін қызымды қуып бармас еді дейді.
«Қазір қызым мектепке барудан қалды. Ол жерден көшіп кеттік. Қызымның психикалық жағдайы қиын. Ол көзі көрмесе артынан қуып жүрмес еді ғой», - дейді қыздың анасы.