28 жастағы қыз күйеуі жазасын өтеп жатқан Молдовановкадағы №27 түзету колониясына той көйлегімен барған, деп хабарлайды ult.kz.
Қырғызстанның Жаза атқару мемлекеттік қызметінің мәліметінше, оның болашақ күйеуі адам өлтіру фактісі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Ерлі-зайыптылар бұған дейін азаматтық некеде тұрып, бір баланы тәрбиелеп келген.
Неке қию рәсімі өтетін күні АХАТ қызметкерлері колонияға келмей қалғандықтан, салтанатты рәсім өткізілмеген.
Кейін жұп некесін ресми түрде тіркеген. Алайда келін неке туралы куәлігін әзірге алып үлгермеген.