27 тамызда елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

27 тамызда елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: shutterstock.com

27 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен батыста жаңбыр жауып, күн күркіресе, оңтүстік аймақтарда ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.

Шымкентте күн ашық әрі ыстық болады. Түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.

Ақтауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +22…+24°C, күндіз +28…+30°C.

Ақтөбеде күн құрғақ болады. Түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.

Жезқазғанда жаңбыр жаумайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.

Көкшетауда жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Түнде +16…+18°C, күндіз +22…+24°C.

Қарағандыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.

Қонаевта күн құрғақ болады. Түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.

Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.

Қызылордада ашық әрі ыстық ауа райы болжанып отыр. Түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.

Оралда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.

Өскеменде жауын-шашын болмайды. Түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C.

Павлодарда күн ашық әрі құрғақ болады. Түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.

Семейде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Талдықорғанда күн ашық болады. Түнде +7…+9°C, күндіз +31…+33°C.

Таразда жауын-шашын болмайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +32…+34°C.

Түркістанда аптап ыстық сақталады. Түнде +19…+21°C, күндіз ауа температурасы +35…+37°C-қа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 27 тамызда ең жоғары температура Түркістанда тіркелуі мүмкін.