Қазақстанда 25 тамызда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ult.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің кейбір аймақтарында аптап ыстық сақталады. Ауа температурасы жекелеген өңірлерде +42°C-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстанда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Ал Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде күн ыстық болады. Мамандар тұрғындарға аптап ыстық кезінде сақтық шараларын сақтап, ұзақ уақыт тікелей күн астында болмауға кеңес береді.
Жаздың соңғы күндерінде ел аумағында ауа райы күрт құбылады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, елдің кей аймақтарында жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы ықтимал. Ал бірқатар өңірде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.