240 млн теңгеге жасалған видеоойынды ҰҚК мен Экономикалық тергеу департаменті тексеріп жатыр

240 млн теңгеге жасалған видеоойынды ҰҚК мен Экономикалық тергеу департаменті тексеріп жатыр
видеодан скриншот

Қазақстанда 240 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған Steppe Rider компьютерлік ойынына қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz NUR.KZ басылымына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, аталған жобаға қатысты ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне және Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тексеру жүргізу туралы сұрау жолданған.

«Өзіміз бастама көтердік. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Кейін шешімдер жарияланатын шығар. Ол сот тәртібімен немесе әкімшілік құқық бұзушылық аясында қаралуы мүмкін. Бұл – тексеру жүргізіп жатқан органдардың құзырындағы мәселе», – деді Саясат Нұрбек.

Министр тексеру жұмыстары қазіргі уақытта да жалғасып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Steppe Rider ойынына 240 млн теңгеден астам қаржы жұмсалғаны қоғамда талқыланған еді. Тексеру нәтижесі бойынша жобаға қатысты қандай шешім қабылданатыны әзірге белгісіз.