22 шілдеде Қазақстан аумағында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Бұл жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, деп хабарлайды ult.kz.
«Қазтелерадио» компаниясының мәліметінше, 22 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың көрсетілімі уақытша үзіледі.
«Қазтелерадио» мұндай профилактикалық жұмыстар телерадио желілерінің тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті.
Компания өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуды сұрап, келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінді.