Қазақстанда денсаулық сақтау саласын цифрландыру заңсыз дәрі-дәрмек айналымын анықтауға және негізсіз медициналық қызметтердің алдын алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ult.kz.
Үкіметтің мәліметінше, цифрлық таңбалау жүйесі заңсыз саудадағы 21 мыңнан астам дәрі-дәрмекті анықтаған. Арнайы таңбалау кодтары препараттардың қалдығы мен қозғалысын онлайн бақылауға, күмәнді ауытқуларды анықтауға және дәрілерді заңсыз есептен шығарудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Цифрлық бақылау медициналық қызметтердегі заң бұзушылықтарды да анықтауға көмектесіп отыр. Жүйе жалпы құны 10,6 млрд теңге болатын негізсіз медициналық қызметтердің алдын алған.
Қазір Қазақстандағы мемлекеттік денсаулық сақтау қызметтерінің 88 пайызы электронды түрде көрсетіледі. 2025 жылы 215 млн-нан астам мемлекеттік қызмет ұсынылса, оның 190,8 миллионы электронды форматта көрсетілген. Сондай-ақ 8,5 млн-нан астам электронды медициналық анықтама беріліп, 5,6 млн адам дәрігерге онлайн жазылған.
Цифрлық мониторинг жүйесі 11 млн-нан астам әйел мен баланы қамтып отыр. Оның ішінде шамамен 7 млн бала мен 4,3 млн әйел бар. Бұдан бөлек, динамикалық бақылауға 3,6 млн пациент енгізілген.
Үкіметтің айтуынша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицина қызметкерлерінің жүктемесін 30-40 пайызға төмендетуге мүмкіндік берген.